Өзбекстан азаматы велосипед ұрлап кетті

310

Ағымдағы жылдың 12 тамызында Түркістан қ. ІІД-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды, онда белгісіз біреу күш қолдану арқылы жарымжан ағасынан ұялы телефон мен ақшаларын тартып алған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын шамамен 60 мың теңгені құрады. Аталған жайт «тонау» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.

Түркістан қ. ІІД полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ретінде Түркістан қ. тұрғынын ұстады. Тонау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтауда.

Дәл сол күні Сарыағаш аудандық кезекші полиция бөліміне Қостанай облысы тұрғыны арызданды. Онда жәбірленуші, Сарыағаш қ. бөлмесіне белгісіз тұлға кіріп, телефон, велосипед және басқа да бағалы заттарын ұрлап кеткендігі туралы көрсеткен.

Сарыағаш АІІБ қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ретінде Өзбекстан азаматын ұстады. Аталған жайт бойынша «тонау» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы