Мектеп директорлары дәріс алды

457

Мектеп директоры әрбір білім ұясының жетекшісі, заманауи білім үрдістерін ұйымдастырушысы. Сондықтан да білім мекемелерінің басшылары уақыт талабын дөп танып, мұғалімдер мен оқушыларды алға сүйреу стратегиясын тыңғылықты дайындай білуі шарт.

Бүгін Шымкент қаласында тамыз конференциясы аясында өтіп жатқан оқытуда осылай делінді. Мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілеріне арналған оқытуға республикалық білім жетілдіру институтынан Алма Қанағатова қатысып, білім мекемелері басшылығының ролі туралы баяндама жасады.

Еліміздің үшінші мегаполисінің мұғалімдері де өз кезегінде жетістіктері мен алдағы межеленген міндеттерге тоқталып өтті. Айта өтейік, бұл оқуға Шымкент қаласындағы 130 мектеп пен 300 – ге жуық балабақша басшылары қатысты. STEM Академиясының директоры Мағжан Қыстаубаев қолжетімді зияткерлік орта құру үшін қосымша дәріс беру, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын ынталандыру, қабілетін арттыру туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, «Синегри» зерттеу және білім қорының жетекшісі  Әділ Нысанов Қазақстанда Дүниежүзілік дағдыларды дамыту туралы ұсыныс жасады.

Жанар Есенбекова