Шымкент қаласында ауа сапасы нашарлайды

447
Фото inform.kz

Қазақстанның көптеген қалаларындағы метеорологиялық жағдай 25 тамыз күні жайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Тек Шымкент қаласында атмосфералық ауаның ластануы күтіледі. Еліміздің қалған өңірлерінде жайлы метеожағдай қалыптасады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.