Шымкент пен Атырауда полицейлер ұсталды

360
tobolinfo.kz

Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, Шымкентте Арнайы прокуратура мен ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері біреудің мүлкін жымқыру бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында қалалық ІІД қызметкерін ұстады.

Сондай-ақ, Атырауда жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдері, ҰҚКД және ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірігіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары аясында балық өнімдерін шығарумен заңсыз айналысқандарға қолдау көрсетті деген күдікпен облыстық ІІД қызметкерін ұстады. «Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері.