Төлебидегі 4 млн. теңгенің төңірегіндегі дау басылмай тұр

849

Төлебидегі 4 млн. теңгенің төңірегіндегі дау басылмай тұр. Осыдан екі жыл бұрын мектеп оқулығына бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалғаны анықталмай келеді. Бұл мәселені жылдар бойы зерттеп ұшы-қиырына жете алмай жүрген «Аймақ тынысы» газетінің өкілдері бүгін білім саласындағы мәлеселерге арналған арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.

Айтуларынша, кітапқа деп бөлінген мемлекет қаражатын қадағалайтын жауаптыларға әлі күнге шара көрілмей отыр. Ал аудандық білім саласының мамандары бұл мәселенің сотта қаралып жатқанын айтады. «Сот шешімі шықпай біз ешкімге шара көре алмаймыз» деп отыр.

Роза Аманова, Төлеби ауданы білім бөлімінің басшысы: «3 988 оқулық келеді оған. Ол есептен шығарылмайды. Сот шешімін күтіп отырмыз. Қаражаттың құйылуын қамтамасыз етеміз».

Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар №16 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі болып қызмет атқарған Нұрхан Асанованың жұмыстан босатылуын көтерді. Пікірлерінше, ол жыл басында заң бұзушылықтарды әшкерелегені үшін қудалауға ұшыраған. Алайда білім саласына жауаптылар мұны теріске шығарып отыр. Айтуларынша, бұл іс сот қаулысы негізінде шешілген.

Роза Аманова, Төлеби ауданы білімі бөлімінің басшысы: «Бізге Нұрхан Асанованың тәрбиелік функцияға жат қылықтар көрсеткені үшін шара көру туралы соттың қаулысы келді. Біз оны жұмыс беруші ретінде мектеп директорына шара көру үшін жолдадық. Мектеп директоры оның осыған дейінгі ескерту, сөгісінің барын алға тартып, ең соңғы шара — жұмыстан босатуды ұйғарды. Бұл 2018 жылдың 13-ақпанында еді. Алайда қарсы тарап қалыпқа келтіру туралы сотқа арыз бергенмен, оны қанағаттандырусыз қалдырды».

Мақпал Рысбаева