Тараз бен Шымкентте екі балдық жер сілкінісі сезілді

433
inform.kz

Алматы қаласынан 408 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

«Жер сілкінісі  7  тамызда  Алматы уақытымен 23  сағат 17 минутта  тіркелді. Зілзаланың энергетикалық санаты – 11.1. MPV тербелісі – 4.4. Жер сілкінісі Қазақстандағы екі қала – Тараз бен Шымкентте  сезілді -2 балл», – делінген хабарламада.