Жүргізуші полицейлерге мал ұрыларын ұстауға көмектесті

363

Арыс АІІБ кезекші бөліміне ағымдағы жылдың 16 тамызында Шымкент қ. тұрғынынан хабарлама келіп түсті, онда қандайда бір адамдар оны жалдап, малды Шымкент қ. жеткізіп беруін өтінгені көрсетілген. Жүргізушіге жалдаған адамдарда малдың құжаты болмағандығы күдік тудырғанын полицияға хабарлаған.

Жедел шаралар қолдану нәтижесінде Арыс АІІБ полицейлері ізін суытпай мал ұрыларын Шымкент қ. жолында ұстады. Олар Түркістан облысының төрт тұрғыны болып шықты. Күдіктілер жергілікті тұрғындардан 3 сиыр ұрлап, шаруашылық жайлардың біріне тығып қойғаны анықталды. Содан олар Шымкент қ. малды сату үшін жүк көлігін жалдаған, бірақ полицейлерге ұсталды.
Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде ұрланған мал заңды иелеріне қайтарылып, тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда полицейлер ұсталғандар облысытың үш ауданы аумағында мал ұрлығының 10-наң аса жайтына қатысы бары анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Арыс АІІБ басшылығы Шымкент қ. тұрғынына мал ұрлығын ашып, күдіктіні ұстауда полицейлерге қырағылық танытып, көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы