Арзан көмір алыңыз!

471

Шымкент қаласының қарамағындағы Қаратау ауданының тұрғындары арзан көмір сатып алуға мүмкіндігі бар. Алдағы қысқы мезгілге алдын ала дайындық мақсатында аудан аумағындағы 5 көмір қоймаларына жалпы – 37 100 тонна көмір жеткізілді.

1. Көмір ЖШС – ЖК Насыров, Достық т.а. Яссауи көшесі.
2. ЖК Қосжанов, Достық т.а. Яссауи көшесі.
3. Отын ЖШС, Достық т.а. Яссауи көшесі.
4. Азамат мұнай ЖШС, Достық т.а. Яссауи көшесі.
5. ЖК Шамсутдинов, Қызылсай т.а. Жібек жолы көшесі.

Осыған орай, аудан әкімдігі аталған мекен – жайларда орналасқан қоймалардан көмір бағасы 14 800 теңгеден алуға болатындығын хабарлап отыр.