Ірімшік өндіретін зауыт ашылмақ

404

Арыс қаласындағы ірі қара мал шаруашылығымен айналысатын серіктестік мемлекеттен инвестиция бөлуді сұрайды. Олар мұндай қаржыға сүт өндіретін зауыт ашуға ниетті. Бүгінде арыстық серіктестіктің иелігінде 1270 сиыр бар. Әрқайсысы орта есеппен күніне 26, 27 литр сүт береді.

Ал, мекеменің күнделікті жалпы өнімі 14 тоннаға дейін жетіпті. Олар 5-жылдан бері қарқынды жұмыс істеп келе жатқандықтан бұл бұрынғы көркеткіштермен салыстырғанда әлдеқайда көп. Олар сүтті арзан бағада қаладағы «Фуд мастер» және «Алтын дән» сүт фирмаларына өткізетіндіктерін айтады.

Бақтияр Қуатбеков, «Қазына жер» ЖШС-нің басшысы: “Сүттің бағасы негізі майлылығына байланысты. Ағарғанның майлылығы 3,9-4,2, сонда сүттің бағасы 120-130-ға жуықтайды ғой. 15 тоннаға межелегенбіз, қазіргі таңда соған жеттік деп ойлаймын. Алдағы уақытта мал басын одан да көбейтіп, ендігі жылға 50 тоннаға дейін сүт берсек деп отырмыз. Болашақта ірімшік өндіретін зауыт ашпақпыз. Ол үшін жобалар қарастырып жатырмыз».

Шаруашылық ірі қараларды Канада, Украина елдерінен алып келген. Арасында Қызылорда, Ақтөбе облысынан әкелінген сиырлар да бар. Оларды арнайы сауын аппараттары арқылы сауады. Ірі қара малдарды күтіп баптауға шамамен 95 адам жұмылдырылған.

Айя Мүтәлі