Шығыс Қазақстанда қалың қар жауды

1532
Фото bilim-all.kz

Биыл Шығыс Қазақстан облысына қыс ерте келді. Кеше түнде Семей қаласынан 300 шақырымда жатқан Қайнар ауылында қар жауды, деп хабарлайды 24.kz.

Әлеуметтік желіге тұрғындар видео салып, хабар таратуда. Қайнар ауылының әкімі Сағын Қапақов елді мекенде қалың қар жауғанын растады.

«Қар жауғаны рас, түнімен қапалақтады. Таңертең 30-40 сантиметрге жетті. Ауа температурасы 3-4 градус. Әлеуметтік нысандар мен тұрғындарға қауіп жоқ. Жолдар ашық, бәрі бақылауда», — деді ауыл әкімі.