Түркістандық полицейлер 29 наурызға дейін жолдарды патрульдейді

110

Түлкібас, Созақ, Бәйдібек және Қазығұрт аудандарында қалың қар, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауды. Сондықтан, ауа райының құбылмалылығын ескере отырып, Түркістан облыстық жол патрульдік полиция батальонының полицейлері республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды патрульдеуде.

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алумен, сондай-ақ жолда қалып қойған адамдарға көмек көрсету жұмыстарын жүргізуде. Полиция қызметкерлері елді мекендерден тыс жерлерге шығу қиын екенін атап өтіп, азаматтарға шұғыл қажеттіліксіз алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Сапар кезінде жолдарда барынша мұқият және абай болу керек, жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерін қатаң сақтау қажет.

Әлихан Файзханов