«Ақ әжелер әуені» байқауы өтті

757

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Ақ әжелер әуені» атты фестиваль өткізілді.

Ауылдық клубтар мен мәдениет үйлеріндегі әжелерден құралған топтардың шығармашылық белсенділігін арттырып, қазақ композиторларының әндерін насихаттау, халықтың рухын жаңғыртуға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған фестивальға 22 әжелер тобы қатысып, қазақ композиторларының әндерін көрермендерге ұсынды.

Іс-шараны ашып берген аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шойбек Жүсіп және аудандық әжелер алқасының төрайымы Гүлшат Мәуленова ақ кимешек киген өнерлерге әжелерге сәттілік тілеп, өз алғыстарын білдірді.

Іс-шара соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әбіләзім Жаншуақов әжелерге алғысын білдіріп сый-сияпат табыстады.