А. Фердауси мектебінің оқушылары Астанаға саяхат жасайды

622

Мақтаарал ауданындағы А.Фердауси атындағы жалпы орта мектебінің 30-ға жуық үздік оқушылары Тұңғыш Елбасы қорының демеушілігімен және Мақтаарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Астана қаласына 2 күндік саяхат жасайды.

Мақтаарал ауданының 90 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан «Көшбасшы жолы» атты ерекше турдың аясында оқушылар Елордамыздың ең көрікті жерлерін тамашалап, музейлері мен демалыс орындарын аралап қайтатын болады.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі