Медиация қызметіне жүгінушілер қатары артып келеді

371

Шымкентте медиация қызметіне жүгінушілер саны артып келеді. Бұл туралы Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахманберді дөңгелек үстелде мәлімдеді. Кездесу аясында бас судья тараптардың өзара келісімге келуге септігін тигізетін делдалдардың көмегімен көптеген даулы мәселелердің шешімі табылғанын баса айтты.

Айталық, биылғы жылы мұнда татуластыру бойынша 494 іс келіп түскен. Оның 208-і даудың тиімді жолын тауыпты, яғни 182 іс сот медиациясымен, ал 8-і партисипативтік тәсілмен шешілген.

Айта өтейік, «Соттағы татуластыру рәсімдері» тақырыбындағы жиынға аудандық прокуратура өкілдері,адвокаттар мен кәсіби модераторлар қатысты. Олар пилоттық жобаның кем-кетік тұстары мен шешімін табуға болатын өз ұсыныстарын да ортаға салды.

Ермахан Рахманберді, Қаратау аудандық сотының төрағасы: «Қазіргі таңда кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың төлемақысы аз. Біз осы мәселені көтеріп жатырмыз. Мемлекеттен бюджеттен жалақы тағайындау мәселелері ұсынылды. Сондай-ақ, бүгінгі күні модераторлардың кім екенін айқындайтын құжаттары да жоқ. Осы мәселе бойынша да реттестіріліп жатыр».

Айя Мүтәлі