Шымкентте қашан 100 пайыз жылу қосылады?

406

Шымкент қаласында жылу алатын 1848 көпқабатты тұрғын үйдің бүгінгі таңда 600 – ден астамының жертөлесіне “Қуатжылуорталық – 3” МКК жылу жеткізді. Ал 373 бюджеттік мекеменің 203-і өздерінің кіші қазандықтарымен жылытылады. Олар 100 пайыз жылуға қосылыпты.

Орталықтандырылған жүйеден жылытылатын 170 мекеменің 90 пайызы қосылыпты. Сала мамандарының айтуынша қазан айының 20 – жұлдызына дейін бюджеттік мекемелер 100 пайыз жылуға қосылады. Егер жылу жүйесінде ақауы бар болған жағдайда “Қуатжылуотралығы – 3” МКК дистпечерлік бөліміне хабарласуға болады.

Нұрлан Күдерұлы 

Байланыс үшін: 44-81-89