Шымкентте жылу қазан айының ортасында қосылады

364

Шымкентте жылу маусымы ауа-райының күрт суытуына байланысты 15-қазанда басталады. Ал бюджеттік мекемелерге 12-қазан күні жылу беріле бастайды.

Бұл туралы сала мамандары мәлімдеді. Айтуларынша, қаланың көпқабатты тұрғын үйлері жылу қабылдауға дайын. Шаһардағы 1800 – ден астам көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған қазандықтан жылытылады.

Бүгінгі таңда ЖЭО- 3 АҚ-ның мамандары 800 шақырым жылу магистралын суға толтырып жатыр.

Нұрлан Күдерұлы