Солтүстік өңірлерде бос жұмыс орындары көп

731

Түркістан облысына қарасты Келес ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламары бөлімінің ұйымдастыруымен «Еңбек» нәтижелі халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында пробация есебінде тұрған және жалпы жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі болып өтті, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеге Келес ауданының әкімі А.Есбаев, Келес ауданының прокуроры Б.Сейфолла, Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Сексенбаев, Келес ауданы прокурорының орынбасары М.Ахмедов, Келес аудандық пробация қызметі бөлімі бастығы, әділет капитаны Н.Аширбаев, Келес ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Г.Құралбаева сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған және жұмыссыз азаматтар қатысты.

Аталған жәрмекеде сөз алған аудан басшысы Ақментай Есбаев: «Бүгінгі жәрмеңкеге ауданның 17 жұмыс берушілері 21 тұрақты бос жұмыс орнын ұсынды, сонымен қатар солтүстік өңірлерден 100-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Осы ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріңізге лайықты жұмысты қарап, жұмысқа орналасып кетулеріңізге тілектестігімді білдіремін» – деп сөзін түйіндеді.

Жәрмеңкеге 60 жұмыссыз азамат қатысты, оның ішінде 30-ы пробация қызметінде тұрған азаматтар.