Жоғалған 20 бас жылқы иесіне қайтарылды

297

Ағымдағы жылдың 30 қазанында Шымкент қаласы ПД Абай АІІБ-ның учаскелік полиция инспекторларымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жоғалған жылқыларды қала сыртынан тауып, заңды иесіне қайтарды.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарына өз мүліктеріне сақ болуға және малдарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мүмкіндігінше малға ен салып, таңбалау, сондай-ақ малшыларды жалдау керектігін ескертеді.

Егер де Сіз, осындай жайттың жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз «102» нөміріне полицияға дереу хабар беріңіз.

Шымкент қаласы ПД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы