Әбдірахымов Шымкентте коммуналды қызметтердің тарифы төмендейтінін айтты

323

Коммуналды қызметтер ұсынатын монополистер Шымкент тұрғындары үшін тарифтерді 1 қаңтардан бастап төмендетеді. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.

Нақты айтқанда судың бір текше метріне шымкенттіктер 10% арзан төлейді, ал жылу 4%-ға арзандамақ. «Оңтүстік Жарық» ЖШС да тарифті түсіріп, 1 кВт электр энергиясы 3,5% арзандайды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ табиғи газдың бағасын 3,3%-ға төмендетеді.