Грузияда алғаш рет әйел адам президент болып сайланды

281

Грузияда өткен прзидент сайлауында алғаш рет әйел адам жеңіске жетті. Елдің жаңа президенті болып Саломе Зурабишвили тағайындалды, – деп Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап мәлімдеді.

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің есептеуінше, Зурабишвили 60 пайыз дауыс жинаған. Ал оның бәсекелесі, оппозиционер Григол Вашадзе шамамен 40 пайыз дауыс жинаған.

Басылымның мәліметінше, сайлауға дауыс берушілердің 56,23 пайызы келген. Сондай-ақ, бастапқыда Грузия президенттігіне 25 адамның үміткер болғаны айтылады.