Шымкенттің тергеу соты ашық есік күнін өткізді

409

Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Сот төрағасы Ғ.Мыңбатыров азаматтарды қабылдады. Көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап берді.

«Ашық есік күніне» келген азаматтардың  дені тергеу судьясының өкілеттігі, прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі бойынша, кепіл мөлшерін айқындау жөнінде болды.

Сонымен қатар, айғақтарды сақтау мәселелері, тергеу судьясының жауап алу тәртібі, мүлікке тыйым салу жұмыстарын, тергеу судьяларының басқа да өкілеттіктерін, санкциялау кезінде күдіктілігінің негізділігін тексеруге байланысты сұрақтар қойылды.

«Ашық есік күніне» келген әрбір азаматтың сұрағына төраға толық түсіндірмелер берді. Судьялардың осылайша халықпен жүздесуі азаматтардың сауалдарына дәйекті жауап алуына және соның нәтижесінде олардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Жанар Есенбекова