Шымкенттік жастар ұят мәселесін граффитиде бейнелеуде

767

Батыстан бастау алған көше туындылары яғни, граффити бүгінде қоғамда қолдаушыларын тапты деуге болатын сынды. Ашық түсті бояулармен көмкерілген бейнелер қандай да бір ой саларлық туынды деуге келеді.

Бүгінде үшінші мегаполисте граффити қарқынды дамып келеді. Ұлтымыздың ұлы тұлғаларын осы сарында бейнелеу бүгінде сәнге айналған. Ұлыларды ұлықтауда таптырмайтын тәсіл дейтіндер де бар. Расында қолдауға тұрарлық дүниелер.

Ал жуырда шымкенттік жастар ұяты кеміп бара жатқан қоғамға ой саларлық идеяны бастады. Яғни, ұяттың уызына қанып өскен қазақ аруларының бейнесіндегі граффитилерді көптеп бейнелеуге күш салуда. Ондағы мақсат осы арқылы қоғамда сілкініс тудыру, ой салу. Бұл «Қазақстандағы нәзікжандыларға қатысты зорлық зомбылыққа қарсымыз» акциясына орайластырылған.

Картина авторларының айтуынша отбасындағы зорлық зомбылыққа сәл де болса қарсылығымызды білдіріп, септігімізді тигізсек деген ойға саяды. Әрі бұл тиімді тәсіл сынды. Туындылар ұзақ мерзімде тұратын болады. Осы арқылы қоғам мүшелері ой түйсе деген ниеттері бар.

Ерекше туындылар әлден – ақ әлеуметтік желіде қызу талқылауға ұласуда. Бірі сын садағына ілсе, бірі қоғамның ұятын оятуға күш салып жатқан жастардың еңбегін бас бармақпен бағалауда.