«Қайнар бұлақтың» көшелеріне шағал тас төселуде

559

Қаратау ауданына қарасты «Қайнар бұлақ» саяжайының тұрғындары көшелерге шағал тас төсеп берсе деген шағымдарын айтқалы біршама уақыт өтті.

Жаз болса шаң топараққа көміліп, қыс болса көлкіген су мен батпаққа айналатын тар көшлерден әбден мезі болған-тын.

Қаратау ауданының әкімдігі бүгінде көшелерге шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізуде. Енді қайнарбұлақтықтар қуанатын күн де алыс емес.