Шымкенттің көшелерінің 40 пайызына шағал тас төселген, 4 пайызы топырақ жол

174

Бірнеше жылдан бері Ұ. Арғынбеков көшесінің жалғасы бітпей тұр. Жеке үйлер түскен жер телімдерін мемлекетке қайтаруда тиістің басқармалардың арасында үйлесімдік жоқ. Шымкент қаласында мемлекет қажеттілігіне қайтарылатын жер телімдері мен оны бағалаудың тетіген табу қажет дейді қала басшысы.

Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімі: “Жер комитетімен мәселені жылдам шешу үшін қанша уақыт керек? Біз алдағы уақытта ауқымды жұмыстар бастаймыз. Д. Қонаев даңғылын созу кезінде көп кедергі болатын”.

Шымкентте 1675 шақырым жол болса соның 40 пайызына шағал тас төселсе, 4 пайызы әлі топырақ жол. Қалада құрылысы басталып түрлі себептермен тұралап қалған 11 нысан бар. Кәріз жүйесін жүргізіп, қазылған жолдарды қалпына келтірмеген мердігерлерге қатаң шара көрілетін болады. Өз міндетіне немқұрайлы қараған құрылысшылар екі айдың ішінде кемшілікті жойып, ойылған шұңқырларды қалпына келтіруі тиіс, Салаға жауапты шенеунік мерзім аяқталысымен әкімге есеп береді.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың «Неше уақыт қажет сіздерге? Неге кәріз жүйелерін біз жолдың астымен жүргіземіз” деген сауалына қала әкімінің орынбасары Ергешбек Нұрсадық екі ай уақыт қажеттігін алға тартты.

Тұрғын үй салу үшін қаралған қаражаттың көлемі 26 млрд. теңге. Құрылысшылар 51 үйдің құрылысын жүргізіп жатыр. Қала әкімі бюджет қаражатына және кәсіпкерлердің салған үйлерінің сапасына үлкен көңіл аудару қажетігін шегелеп айтты. Тұрғындардан көп жылғы несиеге алған баспаналарының сапасы нашар деген шағым жиіліп кеткен. Жиын барысында қаланы көріктендіру, инфрақұрылым мәселелері де сөз болды.

Нұрлан Күдерұлы