Қытайдың 80-ге жуық қаласын түтін тұмшалады

624

Қытайдың 79 қаласын көк түтін тұмшалап, әуе, көлік, теміржол қозғалысы тұралап қалды, деп хабарлайды «Хабар24».

Елдің 5 ірі шаһарында ауаның ластануынан қауіптің ең жоғарғы деңгейі жарияланды. Түтіннен 50 метрден артық жер көрінбейді. Экологиялық жағдайға байланысты зауыт, фабрикалар жұмысын тоқтатып, көлікті пайдалануға шектеу қойылды. Мектептер де уақытша жабылған.

Елдің Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, бұған ауаға лас қалдықтардың көптеп бөлінуі себеп болған. Ал синоптиктер түтіннің әлі бірнеше күн сейілмейтінін ескертуде.