Д.Қонаев даңғылында қарсы бағытқа шығып кеткен жүргізуші ұсталды

307

10 желтоқсанда сағат 20:10-де Шымкент қаласының Қонаев даңғылында «БМВ» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзғаны бойынша кезекті бейнежазба тарады.

Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері құқықбұзушыны ұстап, сол жерде оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі «Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, оған жол ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қарама-қарсы бағытқа шығу секілді жол қозғалысы ережелерін бұзу көлік құралын басқару құқығынан айырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны белгілі.