Еңбекші ауданының белсенді үй төрайымдарына құрмет көрсетілді

328

Еңбекші ауданы әкімдігі жылдың соңында үй төрайымдары мен төрағаларының басын қосуды дәстүрге айналдырған. Мерекелі жиында сый сыяпаттар жасалып, аула, көше жалпы ауданды көріктендіруге ат салысқан белсенділерге алғыс білдірді.

Еңбекші ауданының ұй төрайымдары мен төрағалары құрметке бөленді

Демеушілердің қолдауымен бағалы сыйлықтар да табыс етілді.

Жаңа жылдық құттықтаумен, көтеріңкі көңілмен бастауын алған жиында әкімшілік қызметкерлері өз көмекшілері үй төрағалары мен төрайымдарына жылы лебіздерін білдірсе, өз кезегінде азаматтық ұстанымы берік тұрғындар қолдау көрсеткен жергілікті билік өкілдеріне алғыстарын жеткізді.

Еңбекші ауданы әкімдігі
Айдынкүл Есалиева, үй төрайымы

Айдынкүл Есалиева, Еңбекші ауданының үй төрайымы: «Әкімдіктің қызметкерлері әрқашанда бізге көмек көрсетеді. Мен көп жылдар бойы үй төрайымы болып жұмыс істеп келемін. Қоғамдық жұмыс. Әртүрлі адамдар болады. Барлығының мінезін көтеру бізге оңай емес, алайда тіл тауып, әрекет жасаудамыз. Ауламыз таза, көрікті болса өзімізге жақсы емес пе? Мұны тұрғындар да түсіне бастады. Олар көгалдандыру жұмыстарына  ат салысады».

Әкімдікке арнайы шақырту  алған  белсенділердің арқайсысы  да құрметке лайық. Өйткені жеке уақытын шешімін таппаған көпшіліктің мәселесін шешуге жұмсап, қоғамдық жұмыстан шет қалмаған.

Аулалар мен көшелерге ағаштар мен гүлдер отырғызып ауданды жасыл желекке айналдырған. Тұрғындармен бірге атқарған жұмыстарының жемісін көріп, таза аулалардың қатары жылдан жылға толығып жатқанын  көріп қуаттанған белсенділер келер жылда осы бағыттарынан таймайтындарын  жеткізді.

Шынар Оразова