«Отырар» телеарнасының тілшісі топ жарды

358

«Отырар» медиахолдингінің қаламы қарымды тілшісі Мөлдір Бекеева «Қоғамдық құрмет» ұлттық сыйлығының иегері атанды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жәнек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған байқауда бағы жанған әріптесіміз «Үздік тележурналист-2018» номинациясын қанжығасына байлады.

Атаулы марапат еліміздегі жемқорлық пен парақорлыққа қарсы белсенді насихат жүргізген түрлі сала өкілдеріне беріледі. Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл марапаттың жөні бөлек. Өйткені лайықтыларды көпшіліктің өзі анықтайды.

Тұщымды телесюжеттерімен көрерменнің көңілінен шығып жүрген Мөлдір Бекеева аталған марапатқа әбден лайық-ақ. Республика бойынша екінші орынға лайық деп танылған әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Бағындырар биіктерің көп болғай!