Шымкент кәсіподақ орталығы еңбек шартына тұрмаған мекемелерді анықтады

557

Шымкент қалалық кәсіподақ орталығы жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылады. 2018 жылдың осы уақытына дейін кәсподақ ұйымдары 28 жазатайым оқиғаны зерделеуге атсалысқан.

154 еңбек дауларын шешуде үлес қосыпты. Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша 1326 өндірістік кеңес құрылып, оның ішінде 1177-сі кәсіподақ ұйымдарының бастамасымен ұйымдастырылған.

Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы дәнекер ұйым, Шымкент кәсіподақ орталығы еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша 1911 тексеру жүргізіп, жұмыскерлердің жайын бақылаудан шығарған емес.

Оның ішінде: өндірістік кеңестің бастамасымен 1029 тексеру өткізілсе, ал 437 тексеру жұмыскерлердің бастамасымен жүргізілген. Нәтижесінде 1288 еңбек заңдылықтарын бұзушылық анықталып, оның 958 ескертпесі түзетілген. Қалған ескертпелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Жалпы 1479 еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың 1269-ы өз біліктілігін көтерген.

Түркістан облысы бойынша 6939 мекеме болса, соның 801-і, яғни 11,5% мекемесінде жұмысберушілер мен кейбір жұмыскерлер арасында еңбек шарттары жасалмағандар анықталды. Сөйтіп бұл олқылық жүз пайыз жойылып, барлық 8 (100%) жұмыскерлерімен еңбек шарттары жасалған.

Ал Шымкент қаласы бойынша 6763 мекеменің үшеуінде жұмысберушілер мен кейбір жұмыскерлер арасында еңбек шарттары жасалмаған. Тексеру нәтижесінде аталған үш мекемедегі 86 жұмыскердің барлығы да еңбек шарты түзілген. «Бұл «Еңбек шартын жасаңыздар» атты акциясы аясында атқарылған жұмыстар нәтижесі»-деп хабарлады Шымкент қалалық кәсіподақ орталығының баспасөз қызметі.