Биыл Шымкентте жұмыс барысында 4 адам қаза тапқан

5

Шымкентте жыл басынан бері жұмыс барысында 4 адам қайтыс болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 133 пайызға артық.

Ал 13 тұрғын жазатайым жағдайға тап болған. Олардың басым бөлігі құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, білім саласында орын алған.

Бауыржан Қалжанов, Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы барқармасының басшысы: «Шымкент қаласында 4 адам қайтыс болғаны тіркелді. Оның ішінде сақтандырылғаны бар. Былтыр сақтандырылмағандары болып еді. Тіпті еңбек шарты жасалмағандары да бар. Ондай жазатайым жағдайда өзінің бекітілген шарттары бар. Арнайы комиссия құрылады. Оқиға болған соң жұмыс беруші 24 сағат ішінде құзырлы мекемелерге хабарлауы керек. Жұмыс қабылеті 30-50 пайызға жоғалуы мүмкін. Соған сай қордан ақша төленеді. Егер тұлға сақтандырылмаған болса, жазаға тартылып, қордың ақшасын өзі бір мезетте төлейтін болады»

Айта кетейік, былтыр жұмыс кезінде 3 адам қаза тапқан. Соның бірі 22 жастағы азамат. Ол Тұран-2 ауданында құрылыс алаңында қайтыс болған еді. Қазір ол іске байланысты тергеу аламдары әлі жалғасып жатыр.