Шымкентте екі адам газдан уланып көз жұмды

342

Елімізде  3-4 желтоқсан күндері  6 улы және табиғи газбен улану оқиғасы тіркелді. Ал газ жабдығының ақауынан Шымкенттің екі тұрғыны  уланып көз жұмды.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, қайғылы жағдай Шымкент қаласының Еңбекші ауданында тіркелген. Сонымен қатар  Павлодар, Жамбыл, Алматы облыстарында қатты отынмен және табиғи газбен пештің ақауынан 11 адам (оның ішінде 5 бала) ауруханаға жатқызылған.

«Жылыту маусымы басталғалы бері  республиканың тұрғын секторында улы газбен уланудың салдарынан 17 адам қаза болып, 28 адам түрлі жарақат алған. Табиғи газбен уланудан 15 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алған» делінген хабарламада.