Шымкентте спорт және балалар ойын алаңшасы ашылды

1000
Шымкентте спорт және балалар ойын алаңшасы ашылды

Шымкент қаласы балаларға арналған тағы бірқатар спорт және балалар ойын алаңшасымен толықты. Бүгін еліміздің Тәуелсіздігі күні қаладағы Қаратау ауданы «Нұрсәт» шағынауданындағы № 11, 12, 75 көпқабатты үйлер мен Абай ауданындағы Гагарин көшесі бойындағы № 141, 141а, 141б үйлерінің алдында заманауи үлгідегі алаңшалар ашылды.

Шымкентте спорт және балалар ойын алаңшасы ашылды

Аталған жаңа нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

Барша тұрғындарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған қала басшысы ел игілігіне қолданысқа берілген спорт алаңшалары балалардың салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізетініне сенім білдірді.

Жалпы биыл «Нұрсәт» шағынауданындағы тозығы жеткен 36 көпқабатты тұрғын үй орналасқан 14 аула мен Абай ауданында 10 аула абаттандырылды. Мұнда заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары және спорттық жаттығу элементтері орнатылды.
Айта кетейік, 2019 жылы Қаратау ауданындағы аулаларды абаттандыру мақсатында 43, ал Абай ауданы бойынша 40 ауланың жобалық-сметалық есептемелері әзірленіп, бюджет қарауына ұсынылды.