Шымкенттегі құқық қорғау қызметтері орталығының ашылғанына – 1 жыл

512

Шымкенттегі құқық қорғау қызметтері орталығының ашылғанына 1 жыл болды. Осы уақыт аралығында орталық қызметкерлері 6 мыңға жуық адамды қабылдаған.

Азаматтардың шағымдарын дереу әрі тиімді шешу мақсатында ашылған орталықта 20 заңдық қызмет тегін көрсетіледі.  Ұлт жоспарының 100-ші қадамын іске асыру үшін құрылған орталық құқықтық қызмет көрсетуді бір жерде біріктіруге арналған. Бүгінгі таңда оталықтың қызметіне 6 мыңға жуық азамат жүгініп, оның 3 мыңға жуығын прокурорлар жеке қабылдаған.

800-ден аса азамат адвокаттардың қызметін пайдаланса, 858-і медиаторлардың, 600-і әкімшілік және мемлекеттік кіріс органдарының қызметіне жүгінген. 62 тұлға пробация қызметкерлерінің және психологтардың қызметтерін пайдаланған.

Прокуратура органдары басшылығының жеке қабылдау жұмыстарының аясында қала прокуроры 100 азаматты жеке қабылдаған. Аталған орталықта азаматтарды қабылдайтын фронт-кеңсе қызметін атқаруда. Оның негізгі жұмыс қағидасы – ол азаматтармен жұмыс жасауда сервистік тәсілді қолдана отырып, прокуратура алаңында кең заң қызметтерін ұсыну. Құқық қорғау қызметтері орталығы Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, 3, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ғимаратында орналасқан.