«Қырғы базарда» саудагерлер электронды анықтаманың 598 түрін ала алады

554

Елбасының «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасына сәйкес Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Қырғы базарда өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылды. Сауда орындағы стационарлық бекет аптаның бес күнінде сейсенбіден сенбіге дейін, таңғы 9:00 мен кешкі 18:00 аралығында қызмет көрсететін болады.

Бұл жерде базардағы саудагерлер ХҚКО-на барып әуре болмай, кәсіпкерлерге және тұрғындарға сол бұрышта насихат жүргізіледі және мұнда келгендер электронды анықтамалардың 598 түрін ала алады.

Электронды анықтамаларды үш жолмен алуға болады. Оның біріншісі – электронды цифрлы қолтанба; Екіншісі – «смс» арқылы базаға бір реттік тіркелу; Үшіншісі – «телеграм – бот».

Осылайша, ауданның халық көп шоғырланған жерде азаматтардың цифрлық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруға өзіне-өзі қызмет бұрышы өз септігін тигізетіні сөзсіз.