Арыстық учаскелік инспектор оқиғасы: қосымша сараптама тағайындалды

485

Арыс қаласында орын алған жол көлік оқиғасына тәртіп сақшысы кінәлі. Учаскелік инспектор жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жол апатына себепкер болған. Абырой болғанда адамдар аман.

Инспекторға тағайындалған медициналық сараптама қортындысы бойынша ол рөлде сап-сау болған. Қазір сотқа дейінгі-тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы әлуметтік желіні шулатқан оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізетін болады.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры: «Орын алған жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК -нің 345 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қосымша сараптама тағайындалды. Оған қоса Түркістан облысының полиция департаменті орын алған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізуде».

Ернар Балабеков