Болашақ заңгерлер тәжірибеге көптеп көңіл бөле бастады. Заң мамандығын меңгеріп жатқан студенттерге қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты есігін айқара ашып, пресс-тур өткізді.
Мақсаты қазіргі сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар жөнінде толыққанды хабар беру. Болашақ құқық қорғаушылар кәсіби өсуі үшін мұндай жобалардың тиімділігі мол.
Құқықтану саласында маманданып жүрген студенттерге сот залдарындағы аудио, бейне жазба құрылғылары таныстырылды. Аталған турға келген студенттер сот процесінің қалай өтетінін көріп, машықтанды.
Серік Кәрім, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға міндетін атқарушы: «Сот жүйесінің ашықтығы, қолжетімділігі үшін көптеген жобалар қолға алынуда. Болашақ заң мамандары тәжірибелік сабақтардан көптеп өтуі қажет. Студенттер сот саласының қиындығы және күрделілігімен танысып, тәжірибе жинақтауына мол септігін тигізеді. Тәжірибелі мамандар студенттермен тікелей сұхбаттасып, оларды толғандырған сұрақтарына жауап береді».
Ақпараттық технологияның дамыған заманында сот ғимаратына келудің қажеті жоқ дейді мамандар. Сот кабинеті жүйесі іске қосылған. Интернет ресурс арқылы соттың қалай өтіп жатқанын бақылай алады. Бейнеконференция жүйесі арқылы да сот процесіне қатыса алады. Шетелде жүрсе де.
Ерлан Есенбаев: Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы: «Бүгінгідей ашық тәжірибе турлары құқықтану саласы мамандығына оқып жатқан студенттерге көп пайдасы тиед».
Сотқа түскен өтініштердің 90 пайызы электронды түрде келеді. Нәтижесі жоғары дейді мамандар. Телефон құрылғысы арқылы сотқа шағым түсіруге болады.
Айдана Мырзақұл, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің 3 курс студенті: «Бізге мұнда судьялармен тілдестіріп, лекция оқыды. Олардың жұмысымен таныстырады. Болашақ жұмысымызға аса қажетті тәжірибелерді үйренудеміз».
Өңірімізде аталмыш жоба алғаш рет қолға алынып отыр. Алдағы уақытта мұндай тәжірибелік туралар көптеп ұйымдастырылатын болады дейді мамандар.
Гүлжан Көшерова