Елтаңбаны шекарадан алып өтпек болған

332

Қорғас шекара отрядының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекара наряды біздің елге қарай жалпы салмағы 149 кг тартатын Қытай дәрі-дәрмегін ешқандай рұқсат қағаздарынсыз өткізбекші болған 1985 жылғы қазақстандықты ұстады.

Осы Орталықтың аумағын шолып жүрген шекарашылар аспан асты елінде  пластиктен жасалынған, иесіз жатқан жалпы салмағы  85 кг, Қазақстан Республикасының Елтаңбаларын, мобильді телефон тұғырларын және дәрі-дәрмек өнімдерін тауып алып, актілеп, кеден бекетіне тапсырды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі