Есірткіні ішкиімге жасырып алып өтпек болыпты

295
фото shekaraknb.kz

Сарыағаш шекара отрядының «Жібек жолы-авто» шекаралық бақылау бөлімшесінде шекара наряды біздің елден Өзбекстанға қарай жаяулатып өтіп бара жатқан 39 жастағы өзбекстандық азаматты ұстады.

Шекаралық бақылау кезінде есірткі заттарын іздеуге әдейі дағдыландырылған қызметтік ит осы азаматты нұсқағандықтан, оны жеке алып шығып тереңірек тексеру туралы шешім қабылданды. Қызметтік ит ешқашан қателеспейтінін тағы бір рет дәлелдеді, әлгі азаматтың ішкиіміне арнайы тігілген қалташадан салмағы 15 граммға жуық кептірілген марихуана есірткісі табылды.

Ұсталған азамат Сарыағаш ауданы бойынша ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі