Күнгейде күн күрт жылынды

661
фото sputniknews.kz

Күннің күрт жылынуының салдарынан бәйшешек гүлдеп жатыр. Қысқы шілдеде бәйшешектің гүлдеп, жемісті ағаштардың бүр жаруы жиілеп барады. Көктемге тән құбылыстың, қыс маусымында орын алуын әркім өздігінше болжайды. Синоптиктер не дейді?

Қарсыз өтіп жатқан қаңтар айы Шымкент жұртшылығын таң қалдыруда. Жаңа жылдан бері ақ ұлпа түспеген мегаполиске қыс жақын арада келмеуі мүмкін. Бұл ауа-райын болжаушы мамандардың пікірі. Айтуларынша, апта соңында тағы да жаңбыр жауып, күн жылылығы сақталып қала бермек.

Ал Қазығұрт ауданында күн күрт жылынып, қаңтар айында бәйшешек бүр жарды. Қазіргі уақытта бұл өңірде ауа температурасы +14 градусқа дейін көтерілген. Сол себепті «көктемнің хабаршысы» бәйшешек қаңтар айына қарамай бүрін жаруда.

2019 жылы қыс тек ақпан айының аяғында күтілуде. Қаһарына мінетін қатқыл мінезді мезгіл суығы наурыздың ортасына дейін жалғасады деген болжам бар.

Назерке Үкібасова