Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды

32

Түркістан облысында алғашқы бәйшешек  гүлдеді, – деп хабарлайды ОТЫРАР. Көктемнің алғашқы жаршысы Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи саябағының аумағында бүр жарды. Бұрын бұл аумақта бәйшешек қаңтардың ортасында гүлдесе, биылғы жылы қалыптан тыс аяздың салдарынан кеш гүлдеп отыр.