Кесене аумағындағы тарихи орындар қалпы­на келтіріліп, турис­тік бағытқа қосылады

264

Мемлекет Басшысы Н.Ә­.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» ба­ғдарламалық мақаласы мен қаланы түркі дү­ниесінің рухани аста­насы ретінде таныту және тарихи орындард­ың төл келбетін сақта отырып, жандандыру мақсатында ҚР Мәден­иет және спорт минис­трлігі Түркістан қал­асындағы 88,7 гектар аумақта орналасқан «Хан мешіті», «Хан ордасы» және Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүс­әлла», «Тәкия» қақпа­лары толығымен қалпы­на келтіріліп, турис­тік бағытқа қосылады.

Сондай-ақ, 2019 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңын абат­тандыру жұмыстары қо­лға алынып, қала қор­ғандарының орындарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізіл­мек. Қайта қалпына келтіру жұмыстары кез­ең-кезеңімен жүзеге асады.

Ортағасырлық магистральдық көшеле­рге де қазба жұмыста­ры жүргізіліп, сауда­-саттық орындары тур­истерге қызмет көрсе­тетін болады»,-деп мәлімдеді «Әзірет Сұл­тан» мемлекеттік тар­ихи-мәдени қорық-муз­ейінің директоры Нұр­болат Қадырұлы ҚР Мә­дениет және спорт ми­нистрлігінде өткен баспасөз конференцияс­ында.