Шымкентте бір тәулікте екі адамды автокөлік қағып кетті

349

Шымкент қаласының екі тұрғыны көлік астында қаза тапты. 12 ақпанда Шымкент қаласының аумағында екі жазатайым оқиға орын алды, бұл жаяу жүргіншілердің өліміне әкеп соқты.

Шамамен 21:00-де Жібек Жолы мен Ақпан Батыр көшелерінің қиылысында «Ауди» көлігінің жүргізушісі 50 жастағы әйелді қағып кеткен. Куәгерлердің айтуы бойынша, жәбірленуші қатты соққының салдарынан 10-15 метрге ұшып кеткен.

Танысының айтуы бойынша, оқиға орнында қайтыс болған әйелдің артында төрт баласы қалған. Дәмханада жұмыс істейтін әйел үйіне қайтып бара жатқан екен. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде.

Екінші оқиға Сайрам ауданында сағат 20:00-де орын алған. «Жигули» жүргізушісі жасөспірімді қағып кеткен. Кейін жедел жәрдем ауруханасына өзі жеткізбек болыпты. Алайда «Бозарық» ауданында жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер баланы ажалдан арашалап қала алмады. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, ол 13 жаста екен.