Көпбалалы анаға көмек көрсетілді

644

Жалғызбасты, көпбалалы ананың жағдайы көпті бейжай қалдырмады. Жуырда үшемді болған Фозила Досметоваға алғашқылардың бірі болып Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері көмек қолын созды.

Басқарма мамандары көпбалалы отбасына тиесілі барлық қолдауды көрсету үшін құжаттарын тапсыруға атсалып жатыр.Тіркеуі болмағандығы салдарынан мемлекеттен берілетін барлық жәрдемақыдан қағылған бұл жандардың тиісті құжаттары рәсімделген соң атаулы әлеуметтік көмекпен және бір реттік жәрдемақымен қамтылатын болады.

 

 

 

 

 

Сондай-ақ, жанашыр мамандар кәсіпкерлермен, қайырымдылық қорларымен бірлесіп мұқтаж отбасыға азық-түліктер жеткізіп берді. Бұл ғана емес, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының өкілдері де балаларды қуанышқа бөледі. Сыртқы киімдері мен өзге де қажеттіліктерін тарту етті.
Ұлдана Бекбау, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы: «Отбасына өкілді азамат біздің мекемеге келсе, құжаттарын тездетіп тапсыруға көмектесуге әзірміз. Атаулы әлеуметтік көмек пен бір реттік жәрдемақыны айтпағанда бұл тұрғындар мемлекеттен тиісті қаржылық қолдауларды көре алады. Мәселен бала бір жасқа толғанға дейінгі көмектер. Әр балаға 22 мың теңгеден астам төленеді, бір реттік жөргекпұл 159 163 теңге шығады. Балалар 1 жасқа толғаннан кейін анасы «Күміс алқа» иегері ретінде ай сайын 16 160 теңгеден алып отырады. Бұл отбасы біздің назарда болады. Мемлекеттен тиесілі барлық қолдауды көрсетуге барымызды саламыз».

Мақпал Рысбаева