Келесте кәсіпкерлік даму үстінде

335

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес туризм және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, Келес ауданының кәсіпкерлік потенциялының жоғары екенін ескере отырып Түркістан ӘКК филиалы «ТURKISTAN INVEST» компаниясының директоры Нариман Ильясов және инвестиция тарту бойынша атқарушы директоры Мадияр Данияров көшпелі семинар өткізді.

Келес аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев аудандағы кәсіпкерлік нысандармен туризм саласын дамытуға ыңғайлы жерлерді таныстырды. Іскерлік сапар барысында Қошқарата ауылдық округінде орналасқан ұлттық нақышта салынған Қымызханада аудан әкімдігіне қарасты 12 ауылдық округтері әкімдерімен бас қосты.

Бас қосу барысында жоғарыда аталған салалар бойынша әкімдер тарапынан ұсыныстар мен жобалар ұсынылды. Жиын соңында «ТURKISTAN INVEST» филиалының өкілдері аудан тұрғындарының еңбекқорлығын және жердің құнарлығын айта кете, бұл өңірге инвесторларды тарту ыңғайлы екенін жеткізді. Алдағы уақытта Келес ауданы кәсіпкерлік өңіріне айналуына мүмкіндігі мол.