Шорт тректен қыздар жеңімпаз

261

Шымкентте шорт тректен де ел жүйріктері анықталды. 3 күнге жалғасқан жарысқа Қазақстанның 9 командасы келген болатын. Олардың барлығы да үлкен және кіші жастағы жеткіншектер. Мақсат үздіктерді анықтап, халықаралық аламандарға дайындау болатын.

Максим Лозавой, жарыстың бас төрешісі: «Жарыста 2001 жылдан бастап 2005 жылға дейінгі өрендер өнер көрсетуде. Жалпы саны 112 спортшы. Олар Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Батыс, Солтүстік, Шығыс, Қарағанды және Қостанай облысының жеткіншектері».

Сонымен біріншілік нәтижесінде шымкенттіктер барлығы 4 жүлдеге қол жеткізді. Оның 3 күміс болса, біреуі қола медаль. Айта кету керек, жүлденің барлығын да арулар еншіледі. Енді сәтті өнер көрсеткен спортшылар оқушылар арасындағы спартакиадада қала намысын қорғамақ. Жарыс мамыр айында Астана қаласында жалауын көтереді деп жоспарланып отыр.

Назерке Үкібасова