Шымкентте шорт-тректен Қазақстан біріншілігі басталды

221

Жастар және жасөспірімдер арасында жалауын көтерген жарысқа еліміздің 6 аймағынан командалар келген. Атап айтсақ, Астана, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Шымкент қаласының спортшылары.

Ел үздіктерін анықтау үшін басталған жарыс келесі жұмаға дейін жалғасады. Айта кетейік, жарыста 200-ге жуық жеткіншек өзара мықтыны анықтайтын болады.