Шымкентте мектеп тапшы

475

Мектеп жетіспеушілігін тартып отырған шымкенттік оқушылар үш ауысымда білім алуға мәжбүр. Мұны білім саласындағылар жыл сайын қалада оқушы санының артып отырғанымен байланыстырады.

Мәселен, бұрнағы жылы мектепке 21 мың бала барған болса, былтыр 1-сыныпқа барған оқушылар саны 24 мыңға жеткен. Шымкент қаласы білім саласы өкілдерінің айтуына қарағанда, үш ауысымды мектеп мәселесі бүгін-ертең шешілетін түрі жоқ.

Салаға жауаптылар биылға қаралған қаражат үш ауысымда оқытатын 19 мектептің небәрі 3-еyiнің ғана түйткілін тарқатуға жетеді екен. Мектеп тапшылығын білім саласындағылар алдағы үш жылда толық шешеміз деп уәде етіп отыр.

Мақпал Рысбаева