Түбіртек бермеген жағдайда әлеуметтік желі арқылы хабарлауға болады

776

«БКМ қолдану барысында заң бұзушылықтар бойынша» Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментің Whatsapp нөмірі немесе әлуметтік желілер ресми парақшалары арқылы жүгінулеріңізге болады

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздерге келесіні хабарлайды.

Тауарларды сатып алу, қызметтерді көрсету барысында сатушылармен бақылау-касса машиналарын қолданбау, түбіртекті бермеу фактілері орын алған жағдайда немесе түбіртекте толық сомма көрсетілмесе, 87786917615 нөмірі бойынша «WhatsApp» мессенджері және Департаменттің «Facebook», «Instagram», «VKontakte», «Twitter» әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы бізге хабардар етіңіздер, Департамент тарапынан жедел түрде тиісті шаралар қолданылатындығын хабарлайды.
Өздеріңіздің азаматтық көзқарасыңызды таныту арқылы, Сіздер көлеңкелі экономикаға қарсы күресте көмек көрсетесіздер.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған «WhatsApp» мессенджері және әлеуметтік желілер арқылы жер, мүлік және көлік салықтарын есептеу және төлеу тәртібі бойынша сұрақтарыңызға жауап алуға мүмкіндіктеріңіз бар.

Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы