Түркістан облысында учаскелік инспектор балық аулауға барамын деп басы дауға қалды

474

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше полицейдің бұл браконьерлік оқиғасына еш қатысы жоқ.

«Отырар» телеарнасының редакциясына арнайы видео жолданған болатын. Онда заңсыз балық аулағандар туралы бейнежазбада қорықшылардың балықты тоқтың күшімен аулап жатқаны анық түсірілген.

Браконьерлерде одан бөлек аңшы мылтығы болған. Видеоны түсірген автордың мәліметінше заңсыз әрекетке барғандар оларға қарсы оқ атқан. Автордың сөзінше бұл былыққа погондылардың қатысы бар. Сол себептен де ол облыс әкіміне жолдау жасайды.

Бұл фактіні облыстық Полиция департаменті нақтылады.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облысының ПД-нің баспасөз қызметінің жеткешісі:
«Заңсыз балық аулауға учаскелік инспектордың қатысы жоқ. Бұл оқиғаға қатысты екі жергілікті тұрғынды Жетісай аудандық полиция бөлімі қызмектерлері анықтап, ұстаған. Тергеу барысында олар жасаған іс әрекеттерін толық мойындаған. Одан бөлек, қорықшылардың өздеріне қатысты сотқа дейінге тергеп-тексеру амалдары бастау алған. Заңсыздықпен күресемін деген қорықшыларға өзінше билік ету бабы бойынша айып тағылып отыр».

Ернар Балабеков