Түркістан облысының полицейлері қаруы бар топты ұстады

257

ТО ПД Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу іс шарасы көлемінде заңсыз атыс қаруын сақтау дерегін анықтады.

Полицейлер 2019 жылдың 9 ақпаны күні жедел-іздестіру шарасы барысында Шымкент қаласының пәтерлерінің бірінен қару сақтаған күдікті ретінде 4 жас жігітті ұстады. Жедел уәкілдер Түркістан облысының тұрғынынан екі дана кесілген шолақ мылтық пен гильзаны тауып тәркіледі. Полиция бөліміне ұсталғандар болған мән-жайды анықтау үшін жеткізілді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немес алып жүру» бойынша СДТБТ тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалып, күдіктілер қамауға алынды.

Қазіргі таңда күдіктілердің қандай мақсатта өздерінде атыс қаруын сақтағандығы полицейлермен анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ТО ПД Баспасөз қызметі